Ауылда алғаш рет ескі үлгідегі мектеп 1910 жылы

Убайдулла ата үйінде ашылған.

 

1930 жылдары жаңа үлгідегі мектептің іргетасы қаланды.

1934 жылы бастауыш білім беретін мектеп ашылды

1959 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді.

1972-1973 оқу жылында сегіз жылдық мектеп деп аталды.

1976 жылы мектеп осы ғимаратқа көшіп өтті

1999-2000 оқу жылында орта мектепке айналды.

2009-2010 оқу жылында жалпы орта мектепке айналды.

2015-2016 оқу жылында 300 орындық 3 қабатты жаңа үлгідегі заманауи мектеп ашылды.

Адамзаттың осы жүріп өткен ұзыннан-ұзақ өмір жолы тарих деп аталатыны белгілі. Әрбір тарихи кезеңде өмірге келген жаңа ұрпақ өзінен бұрын өмір сүрген ата-баба тарихын зерттеп білуге, содан өзіне сабақ алуға үнемі ұмтылып келеді. Ол үшін қандай тарихи оқиғалар қашан болды, ол кезеңде қандай тарихи тұлғалар өмір сүрді, олардың басынан кешкен тарихтан бізге үлгі - өнеге болар не бар деген сұрақтарға жауап іздейді.

Әбу - Насыр Әл-Фараби айтқандай: «Тарихты - білмей, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын». Осы дана сөздерін ескере отырып біз де өз ауылымыздың тарихын және Қарашық қалашығының тарихын білуді өз алдымызға мақсат етіп қойдық.

Біздің өлкеміздің өзіне лайық тарихы бар. Өлкеміздің тарихи жерлерінде көптеген төбелер кездеседі. Әрбір төбенің өзіне лайық тарихы бар.

Біз осы мақсатқа орай «Жас археологтар» ұйымын құрып, көптеген табыстарға қол жеткіздік. Қытай жазбаларында Кангюидің «Шы» деген қала туралы дерек бар. Онда: «Шы» келесі Кюша /Гейшуана/ Думо өзенінің оңтүстігінде жатыр. ХХ ғасыр басында осы Кангюй проблемасымен айналысқан зерттеуші Броников «Шы» қаласы мен Сусе хандығының бір екендігін жазған. Сусе иелігінде Түркістаннан өзге Сусе-Сухо-Шыға сай келер қала жоқ. Қытай жазбаларында «Шы» иелігінің орталығы Думо өзенінің оңтүстігінде он ли жерде, корғанның аумағы екі ли»,-деп жазылған.Түркістан қаласының жағрафиялык жағдайын ескерер болсақ, онда мынаны байқаған болар едік. Түркістан қаласының солтүстігінде бірнеше шақырым жерде Қарашык өзені ағып жатыр,ал қаланың оңтүстік батысында көне Шавгар қаласының орны «Шойтөбе» бар. Қытай жазбаларында Думо өзені казіргі Қарашық өзеніне, орталығы Шойтөбе -көне Шавгар қаласы сай келетінін көреміз.«Шы» сөзінің қазақша аудармасы -тас. Ал Шухоцев «Шавгар» сөзінің Қаратау деген мағынаны беретінін айтады.

К.Миллер, А.Герман, Х.Хасанов, Т.Чороев сияқты ғалымдар «Қарачук» сөзініңде «Қаратау»деген мағына беретіндігін айтады. Ал Молла Мұхаммед Садық Сапарбекұлының «Түркістан баяны» атты қолжазбасында Қожа Ахмет Яссауидің « Қырық қақпалы Қарашық Азим қаласына келгендігі» жазылады. Бұдан араб-парсы жазба деректеріндегі «Шабғар»қаласының түрікше аты Қарашық

екенін көруге болады. «Шабғар» сөзінің мағынасына байланысты В.Шуховцовтың пікірінің дұрыстығын деректер де айғақтап отыр. Бұл жерде қытай жазбаларындағы «Шы-мен» мағынасының байланысы бар екенін көруге болады. Осыған байланысты мынадай тізбек құруға болады; «Шы-Шавгар-Қарачук».