Жауынгер-педагог Жалил Абдуллаев атындағы даңқ залы

Жалил Абдуллаев

1919 жылы «Жүйнек» ауылына қарасты «Шыпан» бөлімшесінде жұмысшы әулетінде дүниеге келген. 1925 жылы «Байналмилал» атындағы мектепте білім алған. 1929 жылы бастауыш сыныпты бітірген соң, Түркістан қаласындағы «Калинин» атындағы орта мектепте оқуды жалғастырған.

1935 жылы мектепті бітіріп, Самарқанд қаласына оқуға барды. 1939 жылдан бастап «Шыпан» ауылында алған рет педагогикалық іске араласқан. Сол жылы Әскерге шақырылды. 1943 жылы соғыстан жараланып, еліне қайтып өз үйіне оралды. Сол жылдан бастап педагогикалық жұмысты жалғастырды.

1943 жылы Сара апамызбен тұрмыс құрды. 1952 жылы білім дәрежесін көтеру үшін Ташкент педагогика институтының тарих мамандығы бойынша оқуға барды. 1962 жылы институтты бітіріп, жұмысты жалғастырды.

Сара апамен үш ұл, бес қызды тәрбиелеп, ұядан ұшырды. Жалил атаның орден-медальдары бар.

ОТҚА ОРАНҒАН ОН ЖЫЛ

Құрбанәлі Өтешов

1968 жылы Түркістан ауданы, «Жүйнек» ауылында туылған. 1985 жылы мектепті бітіріп 3 айлық ДОССАФ курсын оқыған.

1986 жылы тамыз айында әскер қатарына шақырылған, Ауғанстан Демократик Республикасында интернационалдық борышын атқарған. 1988 жылы өзінің туып өскен Жүйнек ауылына қайтып оралды. Бірнеше медальдар және грамоталармен марапатталған.

Қазіргі уақытта бір шаңырақты басқарып отыр. 1 ұл, 3 қыздың әкесі.

 

Абдумуталиб Маккамбаев

1963 жылы Түркістан қаласының «Жүйнек» ауылында туылған. 1980 жылы мектепті бітірген, 1981 жылы Совет Армиясы әскер қатарына шақырылған, Ауғанстан Демократик Республикасында әскерлік борышын атқарған.

1983 жылы өзі туылған Жүйнек ауылына оралған. Қазіргі уақытта «Фархад» шаруа қожалығының мүшесі.

 

Фахриддин Қадыров

1963 жылы «Жүйнек» ауылында туылған. 1980 жылы «Жүйнек» ауылына қарасты «Коммуна» орта мектебін бітіріп 1981 жылы әскер қатарына шақырылған, Ауғанстан Демократик Республикасында интернационал-дық борышын атқарып 1983 жылы Жүйнек ауылына қайтып оралған. 1988 жылы 28 қаңтарда СССР Қарулы күштерінің 70 жылдық, 1988 жылы 15 наурызда «Войну интернационалисту от блогадарного Афганского народа» медальдарымен, 1989 жылы 1990 жылы «Коммуна» басқармасы тарапынан колхозда мақта жоспарын бірінші және артығымен орындағаны үшін мақтау қағазымен марапатталған, 2000 жылы 16 желтоқсанда «Ауғанстан соғысының ветераны» медалымен марапатталған.

Қазіргі уакытта 2 ұл, 2 қыз сүйіп, бір шаңырақты басқарып отыр.

 

ОТАН ҚОРҒАУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР

 

Отан оттан-да ыстық


Отан үшін отқа түс күймейсің

Усман Исаев

1920 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, соғысқа Смоленскке кірген. Украйна майданында жаумен шайқаста бірнеше ерліктер жасаған. Ұлы Отан соғысы орденімен, Жуков медалымен марапатталған.

Жеңістен кейін ауылда алғаш механизатор, кейін инженер болып жұмыс істеді. Педагогтік қызметпен де айналысты.

6 қыз, 4 ұл тәрбиелеп, ұядан ұшырды.

2012 ж дүниеден өткен.

 

Муталиб Маннапов

1917 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

Соғысқа алғашқы күндерден қатысқан. Украйна, Белоруссия майдандарында жорық жолдарынан өткен. Жауынгерлік ерліктері үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған.

Жеңіспен елге оралған соң ауылда селолық кеңестің хатшысы, колхозда ферма бастығы қызметтерін атқарған.

Зайыбы Сабира екеуі 4 ұл, 3 қызды өсіріп, ұядан ұшырды.

2010ж қыркүйек айында дүниеден өткен.

 

Омар Ибрагимов

1922 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

19 жасында әскер қатарына шақырылып, жаумен шайқасты Украйна майданында бастаған. Жеңісті Германияда тойлаған. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, Германияны жеңіп, Кенигсбергті алғаны үшін медальдармен марапатталған.

Еңбек жолын колхозшы болудан бастап, зейнет жасына жеткенше еңбектен қол үзген жоқ. 3 ұлы, 1 қызы бар.

2003 жылы 13 қыркүйекте дүниеден өткен.

 

Маннапов Хабибулла

1918 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келді. Ол 1933 жылы мектепті бітіргеннен соң Самарканд педогогика техникумында оқыды. Оны бітіріп Самарканд қаласындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Одан соң мемлекеттік университетіне оқуға түсіп оқуын жалғастырды.

1941 жылы Дон, Сталинград, Украина қалаларын азат етті. 1945 жылы жеңіспен оралды. 1945-47 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылдары Калинин мектебінің директоры, Байналмилал мектебінің оқу ісі меңгерушісі, Коммуна мектебінде де, оқу ісі меңгерушісі, кейін 1956-1970 жылдары директор болып жұмыс істеген. Жеңістің мерекелік тойларында да медальдармен марапатталған. 5 ұл, 4 қызы бар.

1996 жылы дүниеден өткен.

 

Қудан Арзиметов

1918 жылы 9 май күні «Жүйнек» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы ауылда өтеді. Ол мектепті бітірген соң колхозда жұмыс істейді.

1941 жылы елімізді неміс-фашистерден азат етуге соғысқа аттанды. Соғыста жауынгерлік тапсырмаларды орындағаны үшін бір-неше рет медальдармен марапатталған.

Соғыста жаумен шайқасып жүріп, Соадат есімді медбике қызбен танысады. Екі жас бірін-бірі ұнатады.

1945 жылы майданнан ауылға жеңіспен оралып, Соадат апаймен тұрмыс құрды. Ауылға келген соң колхозда жұмыс істеді. Жеңістің мерекелік тойларында да медальдармен марапаттал-ған. 3 ұл, 4 қызы бар. 1990 жылы 3 тамызда дүниеден өткен.

 

Эганберди Атаев

 1920 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

Соғысқа алғашқы күндерден қатысқан. Ленинград, Украина, Киев майданында соғыста болған Жеңіспен елге оралған соң ауылда «Шыпан» мектебінде математика пәнінен сабақ берген.

Зайыбы Манзура екеуі 7 ұл,

2 қызды өсіріп ұядан ұшырды.

1965 ж дүниеден өткен.

Абдусамад Исмаилов

1914 жылы дүниеге келген.

1939 жылы әскерге аттанған.

1946 жылы Жапон соғысына қатысқан. Соғыс кезінде Челя-бинский қаласында «Рабочий батальонда» қызмет еткен. Ол жерде 3 жыл науқас болып емханада емделген III топтағы мүгедек болып үйіне оралған. 1981 жылы 9 қаңтарда дүниеден өткен.

 

Бабаш Есжанов

1906 жылы «Жүйнек» ауылында туылған.

Ұлы Отан соғысы басталғанда әскерге аттанып, Жеңісті Германияда қарсы алған. Украина, Белоруссия майдандарында соғысқан.

Ұлы Отан соғысы орденімен, Жуков және Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған.

Бейбіт өмірде ауылда ферма меңгерушісі, гидротехник болып жұмыс істеген.

5 ұлы, 3 қызы бар.

2000 жылы 29 мамырда дүниеден өткен.

 

Абдукарим Бабатаев

1908 жылы «Жүйнек» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

Жастық шағында көптеген қиыншылықты басынан өткізген. 1929 жылы алғаш рет «Байналмилал» колхозына жұмысшы қатарына қабылданған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған.

Ленинград түбіндегі шайқаста болған. 1945 жылы жеңіске жетіп ауылға оралды. Соғыстан кейін колхозда еңбек етті. Жеңістің мерекелік тойларында да медальдар-мен марапатталған.

3 ұл, 3 қызды тәрбиелеп өсірген.

1989 жылы дүниеден өткен.

 

Насрулло Юлдашев

1905 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. Жастық шағында көп қиыншылықты басынан өткізген.

1942 жылы соғысқа аттанды. Сталинград түбіндегі шайқаста жараланып пленге түседі. 1945 жыл-дарға дейін Германияның концлагерін-де болды. 1947 жылы өз Отанына қайта оралды. Осы жылдары оның «төл-құжаттары» жоқтығынан соттал-ды. 1949 жылы ақталып шықты.

Отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиеле-ген, соғысқа дейін колхозда мақта бригадирі болып жұмыс істеген, одан кейін мектепте қарауыл болған.

1968 жылы зейнеткерлікке шыққан 1990 жылы дүниеден өткен.

 

Нуриддин Исаметов

Түркістан ауданына қарасты «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

1939 жылы Әскер қатарына қабылданып 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысты. Соғыс кезінде Челябинский қамалында жұмысшы батальонында қызмет атқарған. Сол жерде 3 жыл науқас болып госпиталда емделген. Емделіп болғаннан соң өзі туып өскен жеріне оралған.

4 перзентті тәрбиелеп өсірген.

1971 жылы 9 қаңтарда дүниеден өткен.

 

Абан Досмаилов

1907 жылы «Жүйнек» ауылына қарасты Байналминал колхозында дүниеге келген.

1943 жылы Отанды неміс фашистерінен қорғау үшін соғысқа аттанды.

1944 Сталинград қаласын жаудан азат етуде берілген тапсырмаларды өз уақытында орындағаны үшін бірнеше медальдармен марапатталған.

1945 жылы туып өскен ауылы Жүйнекке қайта оралған. Жеңістің мерейлі тойларында, В.И. Лениннің 100 жылдық тойында да медальдармен марапат-талған. 6 перзент тәрбиелеп өсірген.

1989 жылы 13-сәуірде дүниеден өткен.

 

Нарзулло Рахматуллаев

1904 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

«Жүйнек» ауыл әкімшілігіне қарасты «Шыпан» бөлімшесінде жұмысшы болып істеген.

Киров каналын қазуда үлгілі қызметі үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталған.

1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған. Сталинград түбіндегі шайқаста қаза болған.

 

Хошим Абдувахопов

1914 жылы «Жүйнек» ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1936 жылы комсомол жолдамасы бойынша Ақтөбедегі қыш заводына жұмысқа барды. 1937 жылы өзінің ауылына оралды. 1941 жылы қазан айында Ұлы Отан соғысында Украина, Белорусия соғыстарына қатысқан. 1944 жылы қыркүйек айында жарақаттанып ауылға қайтты. Ол ауылда мақта бригадирі болып жұмыс істеді. Ұлы жеңістің мерейтойларында бірнеше медаль және мақтау қағаздарымен марапатталған. Ол жұмыс істеген ұжымының және достарының арасында парасаттылығымен үлгілі адам болған.

1998 жылы 24 қаңтарда дүниеден өтті.

 

Бабатаев Искандар

1910 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген .

Соғыс басталысымен әскерге шақырылып, Отан қорғауға аттанған.

Москва, Ленинград соғыстарында ерліктер көрсеткен. 1945 жылы өзінің туып өскен ауылы Жүйнекке жеңіспен оралған.

4 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген.

1998 жылы 24 тамызда дүниеден өткен.

 

Мирсат Исмаилов

1919 жылы 11 мамырда Түркістан ауданына қарасты «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысына өз еркімен сұранып аттанған. Берлинде және басқа жерлерде болып 1945 жылы қайтып оралған. Соғыс уақытында көптеген ордендермен марапаттал- ған.

Ауылға келгеннен кейін жұмысқа белсене араласқаны үшін Қызыл жұлдызша орденіне ие болған. 3 ұл, 5 қызды тәрбиелеп өсірген.

1989 жылы дүниеден өткен.

 

Туймат Кенжаев

1914 жылы 9 қаңтарда «Шыпан» ауылында дүниеге келген.

1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1941 жылы Украйна, Ленинград соғыстарында жаумен шайқасқан. 1944 жылы жарақаттанып Ленинград госпиталынан үйіне II топтағы мүгедек болып қайтқан. Соғыстан соң колхозда мақта бригадирі болып, жұмыс істеді.

1970 жылы зейнетке шықты.

1998 жылы 18 қыркүйекте ұзақ мерзімдегі аурудан көз жұмған.

5 қыз, 5 ұл тәрбиелеп ұядан ұшырған.

 

Исман Ибрагимов

1914 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 1945 жылы соғыстан жеңіспен оралды.

1946 жылы 10 қыркүйекте «За добросовестный труд в Великой Отечественный войны», 1975 жылы 13 ақпанда «Ветеран труда», 1985 жылы 11 наурызда «Отечественной войны» медалымен марапатталған. Бейбіт өмірде колхозшы болып еңбек еткен. 5 қыз, 1 ұлды тәрбиелеп өсірген.

1995 жылы 25 қаңтарда бейбіт өмірден көз жұмған.

 

Сафидулла Ахмедов

1924 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

1943 жылы Отан Соғысына кеткен, 1-Украйна фронтында снайперлік бөлімінде болып жаумен соғысқан. 1945 жылы өзінің туып өскен ауылы Жүйнекке жеңіспен оралған.

Соғыста ерлігі үшін медальмен марапатталған, одан басқа жеңістің мерекелік тойларында да медальдар-мен марапатталған. 4 ұл, 3 қызды ұядан ұшырған.

1998 жылы дүниеден өткен.

 

Тажихан Бабатаев

1914 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

Соғыс басталысымен әскерге шақырылып, Отан қорғауға аттанған. Жамбыл Жабаев жырлаған Ленин-градтық өрендер қатарында жаумен шайқасқан. Украина майданында ерліктер көрсеткен.

«Ұлы Отан соғысы» орденімен, Жуков және Жеңістің мерекелік тойларында медальдарымен марапатталған.

Бейбіт өмірде колхозшы болып еңбекке араласып, іскерлігі арқасында ферма бастығы, мақта бригадирі, күзет бастығы қызметтерін абыроймен атқарған.

4 ұл , 4 қыз тәрбиелеп өсірген.

2005 жылы 1 қыркүйекте дүниеден өткен.

 

Якуб Исақов

1922 жылы «Жүйнек» ауылында дүниеге келген.

1942 жылы Түркістан әскери комиссариатынан соғысқа аттанған. Украйна майданында жаумен шайқаста жасаған ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы орденін омырауына таққан.

Ұлы Жеңістің мерекелік тойларында, СССР Қарулы Күштерінің 60 жылдығы медальдарымен марапатталған.

Бейбіт өмірде ұзақ жылдар бойы колхозшы болып жұмыс істеген. 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп ұядан ұшырған.

2003 жылы 29 маусым дүниеден өткен.

 

Сайдали Худайназаров

1905 жылы «Жүйнек» ауылына қарасты «Байналмилал» колхозында дүниеге келген.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен әскер қатарына шақырылған. Ол Воронеж, Сталинград қалаларында жаумен шайқасқан.

1944 жылы, аяғынан жарақаттанып өзі туып өскен ауылына қайта оралды.

Сайдали ата, Ұлы Отан жеңісінің мерекелі тойларында медалдар мен мақтау қағаздары мен және сыйлықтар мен марапатталған.

5 ұл тәрбиелеп ұядан ұшырды.

1984 жылы 18 ақпанда дүниеден өткен.

 

Турахон Нуриддинов

1915 жылы "Жүйнек" ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1939 жылы Отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына қабылданған.

1941 жылы Ұлы Отан Соғысына қатысып, елге оралмаған.