Мектеп директоры

Абенов Рахматулла Алимович

 

Абенов Рахматулла Алимович 1969 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы,  «Жүйнек» ауылында дүниеге келді. 1977 жылы «Шыпан» сегіз жылдық мектебіне қабылданып. 1984 «Шыпан» сегіз жылдық мектебін бітірді. 1984 жылы Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтинсарин атындағы педагогика білім жұртына оқуға түсіп, 1988 жылы оқуды бітірді. 1988 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алындағы қызметін 1990 жылы атқарып келді.

    1990 жылы «Шыпын» мектебіне жұмысқа кабылданған. Қазіргі таңда осы мектептің директоры.


Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Бабатаев Эльбрус Зияндинович

 

Бабатаев Эльбрус Зияндинович 1985 жыл 28 мамырда дүниеге келген. 2002 жылы «Шыпан»  мектебін бітіріп, 2007 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін бітіріп, Түркістан қаласында «Қарашық» жалпы орта мектебіне 2009-2010 оқу жылында ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданған. 2010-2011 оқу жылында «Шыпан» жалпы орта мектебіне ауысқан. Қазіргі таңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.


 

Бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кишибаева Зульфия Жунисбековна

 

Кишибаева Зульфия Жунисбековна 23 ақпан 1968 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келді. 1987 жылы Пед. колледжге оқуға кіріп, 1989 жылы  оқу орнын қызыл дипломға бітіріп шықты. 1990-1995 жылдары Моссква қаласындағы "Горкий" педагогикалық институтында оқыды. 2001-2004 жылдары Астана қаласындағы РКСГУ институтында қазақ тілі және әдебиеті мамандығына бітірді. 2004 жылдан бастап "Шыпан" мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып істеді. Марапаттары: Республикалық "Өрлеу"институтында білім жетілдіру курсы ең үздік  оқу ісі жөніндегі директор орынбасар жүлдегері.

Мұғалімдер күніне қала әкімінің "Мадақтамасы"

   

 


 

Тәрбие ісі бойынша директор орынбасары

Мамитов Ахат Османович

 

Мамитов Ахат Османович 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы Жүйнек ауылында дүниеге келген. 1966 жылы «Коммуна» орта мектебіне қабылданып, 1976 сол мекткпті бітіріп жүргізушілер дайындайтын ДОСААФта оқыды. 1977 жылы Совет армиясы қатарына барып, 1979 жылы армиядан қайтты. 1989 жылы Ташкент қаласындағы РПИРЯиЛ институна сырттай оқуға түсті. 1990 жылы «Шыпан» мектебіне пионер важатый болып іске қабылданды. 1991 жылдан бастап өз мамандығы бойынша орыс тілі пәнінен сабақ береді. 2001 жыл қыркүйек айынан бастап сол мектепте директордың тәрбие істері бойынша орынбасыры болды. Отбасылы. Әелі Мамитова Муяссармен екі қызды тәрбиелеп отыр.


 

Қосымша білім беру педагогі

Оңдасынов Ғалымжан Көшентайұлы

 

Оңдасынов Ғалымжан Көшентайұлы 1976 жылы 7 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Жүйнек» ауылында дүниеге келген. 1983 жылы А.Югнаки (коммуна) атындағы мектепке қабылданып, 1992 жылы 11-сыныпты бітіріп шықты. 1999 жылы Түркістан қаласындағы Оңтүстік Қазақстан ашық университетіне  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға қабылданды. 2002 жылы «Шыпан» жалпы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалім етіп қабылданды.


 

Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі

Эшметов Шомухаммад Адилович

 

Эшметов Шомухаммад Адилович 1971 жылы 5 сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Жүйнек ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Жүйнек ауылы Коммуна орта мектебіне 1978 жылы мектепке қабылданып, 1987 жылы 10-сыныпты бітіріп шықты. 1988 жылы ДОСААФ курсын оқып сол жылы бітірді. 1989-1991 жылдары әскер қатарына шақырылып, Отан алындағы қызметін атқарып келді. 1992 жылы Фергана қаласында Мырза Ұлуғбек атындағы Университетге оқуға түсті. 1997 жылы бітіріп, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық мамандығына ие болды. 1999 жылы Жүйнек ауылында әскери есеп стол бастығы болып жұмыс істеген. 2000 жылы Жүйнек ауылы "Шыпан" орта мектебіне алғашқы әскери дайындық пәні бойынша мұғалім болып жұмысқа қабылданды. 


Әлеуметтік педагог

Абдугаппарова Наима Мухитдиновна

 

Абдугаппарова Наима Мухитдиновна 1985 жылы «Шыпан» ауылында дүниеге келген. 2002 жылы сол мектепті бітіріп Түркістан қаласындағы Қазақстан Халықтар достығы Универсітетіне оқуға кірді. 2006 жылы Универсітетті «Бастауыш сыныптарды оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді. 2010-жылы «Шыпан» жалпы орта мектебіне әлеуметтік педагог болып жұмысқа қабылданды. 2010 жылы Шымкент каласындагы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Институтінің «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандығы бойынша оқып бітірді.


 

Педагог-психолог

Маматкаримова Лазиза Мирзакаримовна

 


Маматкаримова Лазиза Мирзакаримовна 1983 жылы 11 мамыр күні Түркістан қаласы Жүйнек ауылы «Шыпан» елдімекенінде дүниеге келді. 1989 жылы 1 қыркүйекте 1 сыныпқа қабылданып, 1999 жылы 11 сыныпта оқып жүріп, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясына қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсті. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін сол мамандық бойынша бітіріп шықты. 2001 жылы «Шыпан» орта мектебіне кітапханашы етіп жұмысқа қабылданды. 2002 жылы 15 ақпанда жұмыстан босап, сол жылы қайта жұмысқа қабылданды. 2005 жылы Қазақстан-Ресей унивеситетіне педагог-психолог мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2007 жылы бітірді. Сол жылдан бастап осы мектепте психолог болып жұмыс істеуде.